Медицина қызметкерлеріне қосымша жәрдемақы төленді

Screenshot_15.jpg

Шымкентте медицина қызметкерлеріне берілетін үстемеақыға қатысты тексеру жұмыстары аяқталды. Бұған себеп, стерильдеу орталығының мамандары басшыларына сенімсіздік танытып, тиесілі үстемеақыны толық алмайтындарын айтқан, әрі жедел жәрдем қызметкерлері үстемеақыларын толық көлемде ала алмай отырғандарын жеткізген. Осы жағдайларға байланысты қала әкімінің тапсырмасымен жұмыс тобы құрылып, екі мекемеде тексеру жүргізілген. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.

- Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша стерильдеу орталығының қызметкерлеріне төлемақы мен жәрдемақыларын қосымша төлеу барысында өрескел заңбұзушылықтарға жол берілгені анықталды. Соған байланысты орталықтың бас дәрігері қызметінен босатылды. Ондағы медициналық қызметкерлердің айлықтарының барлығы қайта есептеліп, қосымша жәрдемақылары төленді,- деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Ербол Садыр, сондай-ақ, жедел жәрдем орталығында жұмыстарды ұйымдастыру барысында түсіндіру мен жедел жәрдемді бағыттау барысында қызметкерлерге бір деңгейде қосымша қаржы төленбегенін жеткізді.

- Осы жағдайды ескере отырып, біз арнайы төлемдердің көлемін жоғарылаттық. Жүргізушілерге 125 мың теңгеге дейін, дәрігерлер мен фельдшерлерге 250 мың теңгеге дейін көтердік. Кіші медициналық персоналдарға «Халық банкінің» демеушілігімен 40 мың теңгеден қосымша қаржы төлеп бердік. Яғни, жедел жәрдем қызметінің мамандарына санаттарына сәйкес қосымша үстемеақылары төленедi. Жедел жәрдем станциясы басшылығына шара қолдану мәселесі қаралуда,- деді Е. Садыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды
  • В Шымкенте презентовали проект «Читающая нация»
  • Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті
  • Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City
  • Шымкент қаласының дамуы Smart city тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырыладыШымкент қаласының дамуы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер