Меритократия қағидаты жүзеге асуда

Screenshot_16.jpg

Үшінші мегаполистегі тұрғындардың саны 1 млн. 46 мың адамды құраса, жергілікті атқарушы органдардардағы мемлекеттік қызметшілердің саны 676 адам, аумақтық мемлекеттік органдардағы қызметшілердің саны 1256 адамды құрайды. Оның ішінде 10 - саяси, 1922 - әкімшілік. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 55 мемлекеттік орган жұмысын атқаруда

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны – 965 (50%) адам, оның ішінде басшы лауазымында – 124 (13%) адам. 29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметтегі жастардың саны 471 (24,4%) адам.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 38 жасты құраса, орташа еңбек өтілі 9,8 жылды құрайды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттары, мақсаттары және нысаналы индикаторларына сәйкес мемлекеттік қызметте таза ауысымдылық деңгейі 7,3% аспауы тиіс. Осыған орай, жоғарыда көрсетілген Стратегиялық жоспарға сай І тоқсандық мәлімет бойынша Шымкент қаласында мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылық деңгейі 0,97% құрап отыр.

286 мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстар жарияланып, 696 – азамат конкурсқа қатысты, оның ішінен 127 азамат мемлекеттік қызметке тағайындалды. Ішкі конкурс бойынша 39 мемлекеттік қызметкер меритократия қағидатымен лауазымы жоғарылады. Ал, жалпы конкурстың бір мемлекеттік әкімшілік орнына орта есеппен 6 азамат қатысты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер