Елтай ауданы қалпына келуде

Screenshot_1.jpg

Нөсер жауынның әсерінен Шымкенттегі бірнеше үйге су кіріп, тұрғындар тынышынан айрылған еді. Бүгінде Елтай ауылында қазіргі таңда су толығымен тоқталып, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстарға Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамында 48 қызметкер, 3 техника мен 1 мотопомпа жұмылдырылған.

Қазіргі таңда өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы су басқан ауылда аула-аумақтардан, көшелерден батпақ лай мен тастарды шығарып, арықтарды жиналған қоқыстардан тазартуда.

Осы ретте, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар күндіз-түні ауысыммен жұмыс істеп жатқанын атап өткеніміз жөн. Яғни, Департаменттің күш және құралдары күн сайын 10-12 үйдің ауласын тазартып, 4 жүк автокөлігімен жинақталған лай мен тастарды шығаруда. Нәтижесінде үш күнде 36 үйдің ауласы қалыпқа келтірілді. Енді қалған 24 үйдің де ауласы тазарып, Елтай ауданы толық нөсер жаңбыр салдарынан тазарады деп күтілуде. 

Сонымен бірге Елтай ауылында жалпы ұзындығы 30 метр Найзатас, Нұрқазық көшелерін лай мен тастардан тазарып, бұл жұмыстарға жергілікті атқарушы органдары тарапынан 17 адам мен 7 техника жұмылдырылды.

Аталған баспасөз туры барысында ақпараттық сүйемелдеуді облыстық «Отырар», «Айғақ», «НарТВ» телеарналары қамтамасыз етті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық комиссия: жаңа Ата заңды әзірлеудің негізгі алаңы
  • Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: Әзірлеу үдерісінің ашықтығы мен институционалдық негіз
  • ҚР Ата заңы жобасы: Құндылықтарға негізделген жаңа конституциялық модель
  • ҚР Ата заңы жобасындағы негізгі құндылық - тұрақтылық
  • Қазақстан республикасының жаңа конституциясы: Ата заң жобасының негізгі жаңалықтары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер