Әуежайдағы жол құрылысы әкім назарында

Screenshot_6.jpg

Шымкенттің әкімі карантин уақытына қарамастан қалада жүріп жатқан барлық құрылыстың басы-қасында жүріп аралап, салынып жатқан нысандар мен ғимараттарды аралап жүр. Мұрат Әйтенов халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалына баратын жол құрылысының барысымен де танысып шықты.

Жалпы ұзындығы 2,287 шақырымды құрайтын жол құрылысының бүгінде жер жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, суағар каналмен қиылысқан жерінде су өткізгіш құрылысы мен темір-бетонды құбырдың құрылыс-монтаж жұмыстары және жолмен қиылысатын газ, су құбырының кабельдерін қорғау, жер астына ауыстыру жұмыстары атқарылуда.

Қаладағы кез-келген жөндеу жұмыстары туралы сөз қозғағанда жолдың сапасына баса мән беруді тапсырған қала басшысы жолдың сапасын құрылыс біткен соң емес, кемшіліктерді алдын-ала анықтап, жою керектігін ескертті. Сонымен қатар, әкім жолдың көлік өтетін бөлігін қыркүйек айына дейін аяқтауды міндеттеді. Демек, қаладағы халықаралық әуежай аумағында құрылыс жаңа оқу жылында бітіп, жаңа жолаушылар терминалы ел игілігіне беріледі.

Өздеріңіз білетіндей, Шымкентте халықаралық әуежай аумағында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жүргізілуде. Ондағы жол құрылысы және инженерлік желілерді қайта құру, әуежай алдындағы автотұрақты және вокзал алды алаңының құрылысы мен абаттандыру жұмыстары қоса жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың соңына қарай аяқтау көзделіп отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер