Педагогтардың жалақысы өседі

Screenshot_6.png

Енді ел аумағында педагогтардың мәртебесі ғана емес, жалақылары да едәуір өседі. Анығы, «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында биыл қыркүйек айынан бастап үстемақы алу мүмкіндігі туып отыр. Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, енді биылдан бастап тек білім ұйымдары ғана емес, мектепке дейінгі балабақшалар, колледждегі ұстаздар жоғары санаттағы «педагог зерттеуші», «педагог-шебер», «педагог-сарапшы» секілді дәрежелерді еншілей алады. Бұған дейін мұндай біліктілікке деген мүмкіндік 5 жылдық тәжірибесі бар педагогтарға ғана берілсе, енді өз сауатына сенімді ұстаздар да тестке қатысып, білімін дәлелдей алады екен.

 «Педагог-шеберге»,  «педагог — зерттеушіге» өзін ұсынған педагогтар өз білімдерін дәлелдеген жағдайда, олардың жалақысы 45-50 пайызға артады. Тек қана педагогтар емес, кез келген білім мекемесінің бірінші басшылары өзінің сол басшылығына қатысты сынаққа қатысып, сәтті тапсырып шықса, жоғары санатқа лайықты екенін дәлелдейтін болса, айлық еңбекақысы екі есеге дейін жоғарылайды»,- дейді Шымкенттің бас ұстазы. 

Бұл Министрлік бекіткен аттестаттау рәсімі ұстаздар үшін маусым, шілде, тамыз айларында өтсе, білім ұйымдарының бірінші басшылары үшін қыркүйек айына жоспарланған. Айта кетейік, бүгінде миллионды қала — Шымкенттегі білім мекемелерінде 27 мыңнан астам педагог бар, ал осынау тестілеуге қатысуға әзірге оның 4378-і ғана ниет білдіріпті. 3526-сы — мектеп мұғалімдері. Ал жоғары санатты дәлелдейтін осы аттестаттауға директорлардың 100 пайыз қатысуы міндеттіліп отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер