Соңғы қоңырауда санитарлық талаптар қатаң сақталады

Screenshot_5.png

Биылғы оқу жылы мектеп ұстаздары мен  оқушыларына оңай соқпағаны белгілі. Әсіресе соңғы қоңырау, мектеппен қоштасу кешін биылғы түлектер асыға күтуде.  Ал пандемия биылғы Ұлттық біріңғай тестілеу мен соңғы қоңырауға қалай әсер етпек. 

Бүгін Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның қатысуымен өткен баспасөз брифингінде коронавирус инфекциясына байланысты түлектердің мектеп бітіру іс-шаралары кезіндегі биылғы өзгерістер жайы айтылды. Одан бөлек, Ұлттық бірыңғай тестілеу барысы да сөз болды.

Қаламызда биылғы мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру салтанаты 3-4 маусым күндері мектеп аумағындағы ашық аспан астында ұйымдастырылады. Бұл рәсімге түлектер мектеп формасында қатысып, өзімен бірге ата-анасының тек біреуін ғана ертіп келе алады. Ал маскалық режим мен қашықтықты міндетті түрде сақталуы керек.

Жанат Арысбекқызы ісшараның Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігерінің талаптарын қатаң сақтай отырып өткізілетінін жеткізді.

Маскалық режимнен бөлек, мектеп немесе мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға, ивент-агенттіктер мен аниматорларды шақыруға, мерекелік дастарқан жайып, мейрамханаларда кеш ұйымдастыруға және автокөліктерді жалға алып, қала ішінде экскурсия жасауға рұқсат етілмейтінін қадап айтты.




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еліміздің әлеуетін жаңа биікке көтеруге міндеттіміз
  • Ауыл шаруашылығы мен жасанды интеллект: Қазақстан дамуының жаңа бағыты
  • Шымкентте спорт пен өнер тоғысқан ерекше жобалар өтті
  • В Шымкенте прошел Международный конгресс кардиохирургов
  • Шымкентте халықаралық кардиохирургтар конгресі өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер