Елтайда 5 үй салынады

Screenshot_4.png

Қала әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев су басқан Елтай елдімекеннің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ол тұрғын алапта «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қорынан 5 үй салынатынын жеткізді. Құрылыс жұмыстарына қордан қажетті қаржы бөлінген.

– Әлеуметтік қордан бүгінгі таңда тиісті қаражат бөлінген. Осы аптаның соңында құрылыс жұмыстары басталатын болады. Құрылыс компанияларына үйлерді бір жарым айда аяқтауды тапсырдық. Бұдан бөлек, су басқан 32 үйдің зақымданғаны туралы комиссия шешім шығаратын болса, әлеуметтік қордан қалпына келтіру жұмыстарына тиісті қаражат бөлуді қарастыратын боламыз»,-деді Б.Мамыталиев.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары су басып өткен аулалар мен көшелерді тазарту жұмыстарының барысын тексерді. Еңбекші ауданының Елтай тұрғын алабында қазіргі таңда су толығымен тоқтап, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамында 48 қызметкер, 3 техника мен 1 мотопомпа жұмылдырылған.

«Үйімізді арнайы әлеуметтік қордан салып беретінін естіп, қуанып қалдық. Жергілікті билік қолдан келгенше көмек беріп жатыр. Төтеншеліктер мен әскер қызметкерлері де тәулік бойы жұмыс атқарып аулалар мен көшелерді тазартуда»,- деген ауыл тұрғындары қалпына келтіру жұмыстарына атсалысып жүрген барша азаматтарға алғыстарын жеткізді.

Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы су басқан аула аумақтардан, көшелерден батпақ лай мен тастарды шығарып, арықтарды жиналған қоқыстардан тазартуда. Сондай-ақ олар бүгінге дейін ұзындығы 30 метр болатын екі көше мен 48 үйдің ауласын лайдан тазартты.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер