Зертхана тәулік бойы жұмыс істейді

Screenshot_3.png

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық базасындағы зертхана тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнда медицина мамандары 24 сағат бойы полимеразды тізбектік реакция әдісімен коронавирус инфекциясына тексеру жүргізеді.

Орталықта COVID-19 инфекциясына күдікті науқастарға және олармен байланысты болған азаматтарға, сырттан келген жолаушыларға сынды арнайы топтағы тұлғаларға зертханалық тексеру ұйымдастырылған.

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты, халыққа зертханалық қызметтер көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін 2 ауысымдық (12 сағаттан) жұмыс ұйымдастырылды, аталған жұмысқа 8 қызметкер тартылды, оның ішінде 3 зертхана маманы, 3 зертханашы, 2 кіші медициналық персоналы. Мамандар проблеманың маңыздылығын түсінікпен қарап, аса жауапкершілікпен жұмысын атқаруда.

     Айта кетсек, бүгінде Шымкент қаласында 183 пациент коронавирустан сауығып, үйлеріне шығарылды. Стационарларда барлығы – 216 адам коронавирустық инфекциямен ауруханада жатыр, оның ішінде 150 науқаста симптомсыз жағдай. 

    Сондай-ақ, қауіп тобындағы контингентке жоспарлы тестілеу жүргізіледі, оларға медициналық қызметкерлер және COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары қызметкерлер, созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған тұлғалар жатады. 16552 адамнан тұратын тестілеуге арналған контингент анықталды.

     Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға қатысатын орталық және жергілікті мемлекеттік органдар қызметкерлерінің ішінен 2 028 адам (49,1%) тестіленді, ЖРВИ және пневмониямен емдеуге жатқызылған адамдардан 3046 адам (55,2%), медициналық қызметкерлер мен COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары қызметкерлер 1 547 адам (22,4%) тестіленді. Тестілеуге жататын контингентті қамту – 40 пайызды құрап отыр. 

    Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, қала әкімдігінің және Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Эпидемияға қарсы үздіксіз іс-шаралар жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Қара шаңырақ»қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті
  • Шымкентте республикадағы алғашқы әмбебап жедел қызмет кешендері ашылды
  • В Шымкенте открыты первые в республике универсальные комплексы экстренных служб
  • Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
  • Антониу Кошта қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер