Сауда орындарды дезинфекциялау жалғасуа

Screenshot_11.png

Үшінші мегаполистің  әр аудан басшылығы коронавирус инфекциясының таралу жолдарын тежеу мақсатында ірі сауда орындарын дезинфекциялау жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде. Себебі карантин құшағынан енді шыққан тұрғындар базар, сада орындарына көптеп баруда. Ал қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі тұрақталған жоқ. Сол себептен вируспен күрес те жалғасып келеді. 

Бүгін бұл жұмыстардың жалғасы ретінде Еңбекші ауданында орналасқан «Айна» базары залалсыздандырылды. Осы ретте сатушыларға санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек екені түсіндірілді. Бір реттік қолғап, бетперде киіп жүрулері міндетті және антисептикпен қолдарын сүртіп отырулары керек. Сондай-ақ сауда жасаушылар да  ара-қашықтықты сақтауы тиіс.

Айта кетейік, аталған санитарлық жұмыстар Шымкент қаласы бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 17 мамырдағы №17 қаулысына сәйкес жүргізілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін әкімдік мамандары Еңбекші ауданы аумағында орналасқан «Айна», «Евразия», «Көктем» базарлары мен «Фиркан», «Грамад», «Магнум» және тағы басқа ірі сауда орындарында карантин режимін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізген болатын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемнің үздік аспаздары Шымкентте бас қосты
  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер