Қаланың дамуына өз үлесіңді қос!

Screenshot_10.png

Миллионды қала Шымкенттің дамуына сіз де өз үлесіңізді қоса аласыз. Республикалық маңызы бар қала ретінде Шымкент қаласының бас жоспары тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі халықаралық конкурсқа қатысуға ниет білдірушілерден өтінім қабылдау басталды

Басты мақсат - Шымкент қаласының бас жоспары тұжырымдамасының қала құрылысы, сәулет шешімдері мен идеяларын қалыптастыру. Үздік деген жобаларды, ұсыныстарды  қолдап, шаһардың әсемдігін, қолайлығын брге қалыптастыру. Мамандар халықаралық конкурс қаланың болашағына оң ықпал етіп, дамуына септігін тигізеді дейді. 

Конкурсты өткізу мерзімі - 20 мамыр мен 22 шілде аралығы.

Байқауға ұсынылған жобалар көрмесі 29 шілде мен 7 тамыз аралығында Шымкент қаласында өтеді.

Ұйымдастыру бойынша сұрақтарды мына мекен-жайға жіберуге болады: Шымкент қаласы, Пазылбеков көшесі №11, №7 кабинет, тел. +7 (7252) 53-64-95, e-mail: architectura.shymkent@mail.ru

Материалдар мына мекенжай бойынша қабылданады: Шымкент қаласы, Пазылбеков көшесі №11.

Байқау жобаларын қабылдау, техникалық мәселелер бойынша сұрақтарға +7 (7252) 53-64-95 байланыс нөмері арқылы жауап алуға болады.

Егер сіздің Шымқаланы дамыту, көркейтуге арналған жоба-жоспарыңыз немесе идеяңыз болса, ендеше шаһардың гүлденуіне өз қолтаңбаңызды қалдырыңыз. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Залалсыздандыру жұмыстары кестеге сәйкес
  • Санитардық талаптардың сақталуымен бірқатар нысандар ашылды
  • Уважаемые жители города!
  • В Шымкенте в рамках госпрограммы будет реализовано 224 проекта
  • ​В управление инспекции труда и миграции поступило 63 обращения во время ЧС
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер