Еліміздегі каратине режимі мен төтенше жағдайға байланысты үшінші мегаполистегі бірқатар нысандар онлайн режимге ауысқан еді. Олардың арасында Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы да бар еді. Адамдар өзінің мамандығы мен қалауына сай жұмыстарды онлайн отырып іздеуші еді. Енді 25 мамырдан бастап барлық санитарлық және эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, азаматтарды қабылдауды бастады.
Ғимараттың сыртына арнайы шатырлар орнатылып, арақашықтығы сақталған орындықтар қойылды. Одан бөлек, кіре берісте дезинфекциялық туннель жұмыс істеп тұр. Әр кірген адамның дене қызуы арнайы аппаратпен жіті бақылануда.
Қазіргі таңда азаматтарға әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша кеңестер беріліп, құжаттар қабылдануда.
Сонымен бірге, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында әлеуметтік көмек мәселелері бойынша CAII-орталық іске қосылды. Енді кез-келген қала тұрғыны "13 00" немесе 8(7252) 77-11-03 нөмірлеріне хабарласып, өзіне қажетті мәліметтер мен пайдалы ақпараттар ала алады.
Атап айтсақ, қазіргі таңда өзекті әрі белсенді сұрақтар: атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, мүгедектер мен ардагерлер, басқа да жеке санаттағы азаматтарға арналған әлеуметтік қызметтер мен көмектер туралы толық мағлұмат ала алады. Сондай-ақ мамандардың кеңестері беріледі.
CALL- орталық дүйсенбі-жұма күндері : сағат 9.00-19.00-ге дейін жұмыс істейді.