Коронавирусты анықтайтын тесттен 20 мыңға жуық шымкенттік өтті

Screenshot_8.jpg

Арнайы емі табылмағанымен бүгінде әрбір тұрғын өзінің індет жұқтырғанын немесе вирустан аман екенін біле алады. Тіпті, бүгінде ауруханаларға кірер алдында тест тапсырып, алдын-алу шаралары қарқынды жүзеге асуда. Covid-19 жұқтырған азаматтарды уақытылы анықтау мақсатында, лабораториялық тесттен өткізу шаралары қолға алынып, нәтижесін беруде.

«Covid-19 жұқтырған азаматтарды уақытылы анықтау мақсатында лабораториялық тестен өткізу шаралары күшейтілді. Қаладағы Ұлттық зерттеу орталығының филиалынан бөлек, қосымша 3 лаборатория ашылды. Нәтижесінде күніне тестілеу қуаты 300-ден 500-ге жеткізілді. Сонымен қатар, жаңадан 2 зертхана ашылып, тестілеуді 3 есеге дейін ұлғайтамыз. Сәуір-мамыр айларында жоспарлы тестілеуден өтетін 23 мың адамның 19 845-і, яғни 86% ПТР тестілеуден өткізілді»,-деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов. 

Айта кетейік, қалада індетпен күресу мақсатында 30 мыңнан астам медицина маманы мен полиция және әскери қызметкер жұмылдырылған. 25 мамырдағы жағдай бойынша қалада коронавирус жұқтырған азаматтар саны 606-ға жеткен. Оның ішінде 218 науқас емделіп шықса, 6 адам қайтыс болған. 

«Қалада 18-24 мамыр аралығында күніне орташа 31-50 адамнан тіркелді. Ал өткен тәулікте жүргізілген лабораториялық зерттеу 36 жаңа жағдайды анықтады. Тәуліктегі өсім - 6,3%. Covid-19 вирусының 22-сі - сырттан келгендер болса, 359 адам науқастармен қарым-қатынаста болған. Ал, 225-і жергілікті жерден шыққан. Қалада 260 карантиндік ошақ тіркелген. Бүгінгі күні 132–сі бақылауда»,-деді Мұрат Әйтенов. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер