Мерзімі өткен құжат 60 күн жарамды!

Screenshot_10.jpg

Жеке басты куәландыратын мерзімі өткен құжаттарды ауыстыру ағымдағы жылдың 10 шілдесіне дейін ешқандай әкімшілік шарасыз жүзеге асырылады. Елімізде төтенше жағдай алынғаннан кейін Қазақстан азаматтарының мерзімі өткен құжаттарын ауыстыру тәртібі өзгерді. Яғни, Шымкентте де мерзімі өткен жеке құжаттарының қолданыс мерзімі 2 айға ұзартылды. Яғни, ескі құжатпен де қажетті жәрдемақылар мен төлемдерді еш мәселесіз ала алады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы 26 наурыздан бастап тоқтатылды және қазақстандықтар жеке басын куәландыратын құжаттарды (жеке куәлік, паспорт) уақытылы қайта рәсімдеуге мүмкіндігі болмады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №283 қаулысына сәйкес елде төтенше жағдай кезінде қолданылу мерзімі өткен жеке басты куәландыратын құжаттар күші жойылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн бойы жарамды саналатын болды.

Бұдан соң жеке басты куәландыратын құжаттардың қолданылу мерзімі 10 шілдеге дейін ұзартылды және Қазақстан азаматтары қызмет, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар және басқа да төлемдерді алу үшін мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға қолданылу мерзімдері өткен құжаттармен жүгіне алады. Жаңасын алғанша өзіңізге қажетті мәселелердің шешімін ескі құжаттармен ала аласыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Устойчивый рост промышленности как основа экономической модернизации
  • Өнеркәсіптің тұрақты өсуі – экономикалық жаңғыртудың негізі
  • В Шымкенте торжественно открылся новый учебный корпус военного колледжа имени Сабыра Рахимова
  • Шымкентте C.Рахымов атындағы әскери колледждің жаңа оқу корпусы ашылды
  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер