«Бизнес бастау» тегін білім көзі

Screenshot_11.jpg

Қазіргі уақыттағы актуалды мәселелердің бірі карантин режимін ескере отырып, «Atameken Academy» онлайн платформасы арқылы қашықтықтан онлайн-оқыту қарастырылған.2020 жылдың 10 маусымнан бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған оқытудың тегін курстары басталады.

Оқытудың қатысушылары Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары болып табылады, оның ішінде:

- ауылдық елдімекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар;

- мүмкіндігі шектеулі жандар, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе, не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе;

- зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;

- жастар, сондай-ақ NEET санатындағы жастар;

- табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;

- ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;

- қоныс аударушылар және оралмандар.

Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Бағдарлама аясында оқуды бітірген қатысушыларға сертификат беріледі.

Жоба шеңберінде онлайн-оқыту үшін қатысушылар Халықты жұмыспен қамту орталықтарына (Бәйтереков көшесі, 89) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, оқудан өту туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткердің мәртебесін жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға жолдама береді.

Өтініш беруші Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасына оқудан өту үшін топқа қабылдауды өтінеді.

Сонымен қатар, үміткер өз бетінше жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және Халықты жұмыспен қамту орталығынан жолдамасын https://atameken.co/ru/course-bastau сілтемесіне жүктеу арқылы онлайн-өтінімді тапсыра алады.

Оқытудың нақты орны мен уақыты туралы толық ақпарат алу үшін Шымкент қаласының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына хабарласу қажет: 1432, 87252 39 49 77.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер