Егістік көлемі 1000 гектарға артты

Screenshot_2.jpg

«Балықшы көлін, диқаншы жерін мақтайды» демекші, бүгінде Шымкенттегі егістік алқабы туралы бірқатар ақпараттар жарияланды. Бұл туралы аппараттық мәжіліс барысында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 27,6 мың гектарға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1000 га көп. Демек, биыл күзде алынатын өнім де өз деңгейінде болады деп күтілуде. 

Сонымен қатар көктемгі дала жұмыстарына 1,25 мың тонна жанар-жағармай бөлініп, 174 – теңгеден 160 - теңгеге төмендетілді.

Ал минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына сәйкес 105,1 млн.теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңда 1 мың тонна тыңайтқыштар 50,3 млн.теңгеге субсидияланды. Ауыл шаруашылығында экономикалық қарым – қатынастарды реттеу үшін залогтық (кепілдікті) сатып алу операциясы бойынша есеп айырысуды енгізу жөніндегі ұсыныстардың едәуір мәні бар. 

Ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселесіне баса назар аударған қала басшысы құжаттары жоқ егістік жерлер мен сегментацияланған егістік алқаптарды заңдастыру жұмыстарын қадағалауға алуды, игерілмеген егістік жерлер бойынша тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Устойчивый рост промышленности как основа экономической модернизации
  • Өнеркәсіптің тұрақты өсуі – экономикалық жаңғыртудың негізі
  • В Шымкенте торжественно открылся новый учебный корпус военного колледжа имени Сабыра Рахимова
  • Шымкентте C.Рахымов атындағы әскери колледждің жаңа оқу корпусы ашылды
  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер