Кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер берілді

Screenshot_3.png

Елімізде төтенше жағдайға байланысты, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкіметте экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар әзірленді. Осы жоспарға сәйкес, Шымкент қаласында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілді. Шымкентте шағын шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін салықтық жеңілдіктер берілді және 3 жылға тексеруден босатылды.

Атап айтқанда:

- ірі сауда нысандары, кинотеатрлар, театрлар мен спорт нысандары бір жылға заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүлік салығынан босатылды;

- жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер табыс салығынан босатылды;

- ағымдағы жылдың 15 наурызынан 15-маусымына дейін өсімпұлдарды есептеу тоқтатылды;

- салық есептілігінің мерзімін 3 тоқсанға ауыстырылды;

- Тамақ өнімдерін өндіру көлемі бойынша шикізат базасын өсіру және оның сапасын арттыру мақсатында жоғары сапалы биологиялық өнім импортына қосымша құн салығынан босатылды;

- 2020 жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық төлеуден босатылды.

Бұл кәсіпкерлерге карантин кезінде әжептәуір қолдау екені сөзсіз. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер