«Бал Текстиль» сапалы кілемдер ордасы

Screenshot_4.jpg

Төтенше жағдайдан соң бірқатар нысандардың ашылуына рұқсат беріліп, олар өз кәсіптерін жүргізуге мүмкіндік алған еді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдайдан кейінгі кәсіпорындардың жұмысымен танысу мақсатында Қазақстандағы ең ірі «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасын аралап көрді.

Жобалық құны 11 миллиард теңге инвестиция жұмсалған кәсіпорынның қуаттылығы жылына 6 миллион шаршы метр кілемді құрайды. 300 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін кәсіпорын полипропиленді жіптерді де шығарады. Бүгінде Қазақстан кілемдері Германия, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанға экспортталады. «Баль текстиль» кілемдері сапа жағынан Бельгия және Германия елдерінің өнімдерінен кем түспейді.

Кәсіпорын қала сыртында орналасқанымен жұмысшыларды фабрикаға алып келіп, жұмыс соңында үйіне жеткізіп салу үшін арнайы көлік қарастырылған. Яғни, жолға шығындалмайды. Таза су, электр қуаты, жол тағы басқа қажетті дүниелердің барлығы бар. Кәсіпорын ішіндегі асхана күндіз-түні тегін қызмет көрсетеді. Мұндағы қызметтер мен аппараттар адам денсаулығы мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін сақтау және жұмыстарды барынша оңтайландыру үшін мүмкіндігінше автоматтандырылған. Тіпті жіп өндіру цехында арнайы медициналық бекет жұмыс істейді. Дінді берік ұстанушыларға кәсіпорынның кез келген бөлімінде намаз оқитын бөлмелер қарастырылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проект новой Конституции формирует основу эволюции государства и общества – Бакыт Нурмуханов
  • «Существенно усилены конституционные принципы правосудия»
  • Суверенитет и территориальная целостность отнесены к неизменным ценностям
  • Конституционная реформа Главы государства – новый этап развития государственного устройства
  • Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер