Әкім қаладағы кәсіпорын басшыларына карантин режимін ұстануды талап етті

Screenshot_6.jpg

Шымкентте таза былғарыдан тігілетін аяқ киім зауыты бар. Ол төтенше жағдай кезінде жұмысы тоқтап қалғанымен, уақыт өтіп, шектеу шаралары бәсеңдеген соң ісі қайта жанданды. Мұрат Дүйсенбекұлы таза былғарыдан аяқ киім шығаратын «СП «LuxShoes» ЖШС-нің де жұмысымен танысты. Мұндағы өнімдер итальяндық технология бойынша заманауи түрік жабдықтарында шығарылады. Тауарларын жергілікті нарыққа шығаратын кәсіпорын жылына 120 мың жұп аяқ-киім шығаруға қауқарлы. 

 «Lux Shoes» ЖШС-нің өнімдері заман талабына сай итальяндық технология бойынша өндіріледі. Тігін машиналары шетелден әкелінген. Түркияның «FANTES» және «COMELZ» маркалы құрылғылары  тауарды сәнді және талғамға  сай үлгіде  тігеді.

Сондай-ақ, қала басшысы мақта иірімжібін өндіретін «Azala Cotton» фабрикасында болды.

Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті екенін айтқан әкім кәсіпорын басшыларына карантиндік шектеулерді қатаң сақтауды айтты.

Аталған аймақта бүгінгі таңда құны 29,9 млрд. теңгені құрайтын 16 жоба жүзеге асырылған. Нәтижесінде 1 630 жаңа жұмыс орындары құрылған. Оның ішінде 2020 жылдың ақпан айында «СП «Lux Shoes» ЖШС-нің аяқ киім табандарын шығару жобасы іске қосылып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін «B.A.E.R.» ЖШС – Дәкеден таңу материалдар өндірісі жобасының жүзеге асырылуы жоспарлануда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер