Базарлардың санитарлық жағдайы талқыланды

Screenshot_7.jpg

Бүгінде елімізде төтенше жағдай алынғанына біраз уақыт болды. Осы орайда, халық пен өзінің жұмысын бастаған нысандарар арасындағы санитарлық талаптардың қаншалықты сақталып жатқандығы бақылауда. Енді Шымкент базарларында санитарлық талаптар қатаң сақталуы керек. Қаладағы базар басшыларымен кездесіп, карантиндегі жағдаймен танысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Facebook парақшасында осылай жазды. Ол бірқатар сауда нысандарындағы санитарлық талаптардың қаншалықты сақталғандығын бақылап, нәтижесімен бөліскен.

-Кезінде алдыңғы қатарлы базар болған, бәрімізге таныс "Евразия" базары бүгінде бірнеше сауда нысандары - "Әсел”, “Бенефис", "Южтранс", "Алтын орда" және "Евразия Торг Сервис" базарларымен ұштасқан. Оларда қазіргі таңда көтерме сауда да қолға алынып, сатып алушылардың қатары көбейіп, базарлардың танымалдығы екі есе артуда.

Сауда нысанының өкілдерімен санитарлық талаптардың сақталуы мен қауіпсіздік деңгейін және сатушылар мен келушілерге нысанның ыңғайлылығын талқыладық,-деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Пернебайұлы.

Бүгінде заман талабына сай сауда орталықтары көбейген уақытта базарларға сұраныстың төмендейтіні анық. Осы ретте Мақсұт Пернебайұлы, базар басшыларымен бірге орталықтандырылған, тұрғындарға қолайлы, әрі қауіпсіз сауда нысанын қалыптастыру жоспарланып отырғанын жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер