ҚР еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді

Screenshot_8.jpg

Шымкент қаласы Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың қатысуымен ҚР Еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы онлайн-брифинг өтті.

Брифингте белгілі болғандай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 04.05.2020 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойған. Бұл Заң еліміздің 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдасына сәйкес әзірленген.

Атап өтсек:

– Азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын толық іске асыруға қажетті жағдайларды жасау бөлігіндегі еңбек қатынастарын реттеу;

– Жұмыс берушілер мен жұмысшылардың өкілдерінің құзіреттерін регламенттеуді көздейтін әлеуметтік әріптестік қатынастарды реттеу;

– Еңбекті қорғауды басқару жүйесін ендіруді көздей отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау.

Бауыржан Ахметәліұлының мәлімдеуінше, ҚР Еңбек Кодексіне 131 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Ширатып айтсақ, 67 бап өзгертіліп, 41 талап жаңарған. Осы ретте басқарма басшысы олардың ішіндегі маңыздыларына тоқталды.

1. Заң еңбек шарттарын түзу және есепке алу процесін автоматтандырады. Осыған байланысты «еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін» енгізілген;

2. Еңбек саласында жұмыскердің құқықтары мен бостандықтарына шектеу жасау фактілер бойынша жұмыскерлерді жауапкершілікке тарту нормасы енгізілген;

3. Бұрын жұмыскерді әскери қызметте борышын өтеуге шақыртулар еңбек шартын тоқтатуға негіз болған болса, қазір жұмыс берушіге азаматтың жұмыс орнын сақтауды міндеттеуді қарастырады;

4. Еңбек шартында жұмыскермен келісім бойынша хабарлама бермей-ақ, өтемақы төлемін жүргізіп, жұмыс берушіге еңбек шартын тоқтатуға мүмкіндік берген 50-баптың 3-тармағы алынып тасталған;

5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде әлеуметтік әріптестік саласында нақтылау сипатына өзгеріс енгізілген.

Онлайн-брифинг барысында Бауыржан Ахметәліұлы БАҚ өкілдері тарапынан қойылған өзекті сауалдарға жан-жақты жауап берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер