Тұрғындардың мәселесі дер кезінде шешімін табуда

Screenshot_5.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ел дамуына қарқын беретін Жолдауында негізгі бес мәселеге тоқталған болатын. Соның ішінде халықпен тиімді кері байланыс орнату мәселесіне басымдылық берді. Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Ақпараттық-коммуникациялық орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Президенттің тапсырмасына орай  сыни ақпараттармен жұмыс істеуге кірісті. Қаратау ауданына қарасты "Нұрсәт" шағынауданы тұрғындары шайынды судың сыртқа ағып жатқаны жөнінде шағымданған болатын. Мәселе назарға алынып, көп ұзамай ретке келтірілді.

Халықпен кері байланыстың арқасында Кремлевская көшесіндегі  3-ші үйдің тұрғындарының көтерген мәселесі де дер кезінде шешілді. Тұрғындар ауладағы балалар алаңшасының  төсемесінің сапасына  көңілдері толмайтынын жеткізген болатын. 

Сондай-ақ Еңбекші ауданына қарасты Тәуке хан 138 шағынауданы тұрғындары сынған бағанаға алаңдаушылық білдірген болатын. Көп ұзамай аудан әкімдігі тұрғындар көтерген мәселенің мән-жайына үңіліп, бағананы жөндеді. Шағынаудан тұрғындары мамандарға мәселенің көп ұзамай шешілгеніне алғыс білдірді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Устойчивый рост промышленности как основа экономической модернизации
  • Өнеркәсіптің тұрақты өсуі – экономикалық жаңғыртудың негізі
  • В Шымкенте торжественно открылся новый учебный корпус военного колледжа имени Сабыра Рахимова
  • Шымкентте C.Рахымов атындағы әскери колледждің жаңа оқу корпусы ашылды
  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер