Халықпен кері байланыс нәтиже беруде

Screenshot_8.png

Президент  «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады» - деп «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында ерекше атап өтіп, жергілікті билік өкілдеріне қарапайым халықпен тығыз байланыс орнатып, талап-тілектеріне назар аудару керектігін айтқан болатын. Мемлекет басшысының Жолдаудағы әрбір сөзі, Шымкент қаласында жүйелі жалғасын табуда. Бұған бүгінгі атқарылып жатқан алуан тірлік дәлел бола алады. 

Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Ақпараттық-коммуникациялық орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыни ақпараттармен жұмыс істеуінің нәтижесінде Уәлиханов көшесінің тұрғындары аулада шашылған ағаш бұтақтарынан тазарды. Тұрғындар ауланың тазалығына, аулада ойнайтын балалары үшін алаңдайтынын жеткізген болатын. Мамандар айтылған сыннан дереу қорытынды шығарып, көшенің маңайы тазарды. Сондай-ақ  Абай ауданына қарасты, Гагарин көшесі 34 үйдің тұрғындары көтерген мәселелерінің дер кезінде шешілгеніне мамандарға алғыстарын  білдірді. Сонымен қатар Еңбекші ауданына қарасты, Гастелло 35 мекен- жайында тұратын тұрғындар үй ауласында шашылып жатқан қоқысты тиісті мекеме уақытылы тазаламайды деп  шағымданған болатын. Халықпен керібайланыс орнатқан жауаптылар көп ұзамай мәселенің  оң шешімін тапты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер