Асфальтті жөндеп берді

Screenshot_9.png

Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару. Бұл Президент қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауда айтқан тапсырмасы болатын. Жолдаудағы міндетті орындауға кіріскен шымкенттік шенеуніктер сыннан қорытынды шығара бастады.  Әл-Фараби ауданында соңғы жеті айда 2 мыңға жуық арыз-шағым келіп түскен. Оның 80 пайызға жуығы қанағаттандырылды деді мамандар. Жауаптылар әлеуметтік желілер арқылы келген шағымдарды дер кезінде қарап, шешу жолдарын қарастырған.

Мәселен  Әл-фараби ауданына қарасты Республика көшесінің 35 үйдің тұрғындары, осы маңдағы бағананың құлауға шақ тұрғаны жайында әкімдікке шағымданған болатын. Артынша былқылдаған бағана мықтап қатырылды. Сонымен қатар  Отырар шағынауданындағы 48 көпқабатты тұрғын уй ауласындағы қисайған жарықшам реттеліп, электр энергиясы қосылды.

Қаратау ауданы да тұрғындардың шағымдарын назардан тыс қалдырмай келеді. Әлеуметтік желіде ауданға қарасты Қайтпас 2 шағынаудандағы  Жусан көшесінің тұрғыны көше бойындағы асфальттің шұрық тесік екенін айтып, көшенің сиқын фотоға түсіріп жіберген еді. Көп ұзамай сала мамандары ойылған асфальтті реттеп, тегістеп берді. Тұрғындар халықтың мұңына дер кезінде құлақ асқан басшыларға ризашылықтарын білдірді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Александр Стуббпен келіссөз жүргізді
  • Елордалық оқушылар теміржол қауіпсіздігін арттыратын жоба ұсынды
  • Шымкентте екінші республикалық «Respublica Asyq Atu» турнирі өтті
  • В Шымкенте состоялся второй республиканский турнир «Respublica Asyq Atu»
  • Шымкентте Республика күніне орай мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер