Шымкентте коронавирустан жазылып шыққандардың саны 222-ге жетті. Соңғы бес тәуліктің ішінде қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан 22 науқас коронавирус инфекциясын жазылып, үйлеріне шығарылған. Оның ішінде он жетісі 45-жасқа дейінгі азаматтар болса, қалған бесеуі елу жастан асқан егде жастағы науқастар.
Коронавирус инфекциясынан ауруханадан жазылып шыққандар екі аптаға жуық жергілікті емханасы бойынша дәрігерлердің бақылауында болады.
Еске сала кетейік, Шымкентте карантиндік шектеулер 8 маусымға дейін ұзартылған болатын. Қала шекараларындағы блок-бекеттер де жұмысын жалғастыруда. Қалада санитарлық тексеру жұмыстары күшейтіліп 4 136 нысанда мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 127 әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде, 65 ескерту, 43 айыппұл, 19 әкімшілік қамауға алынды. Карантиндік шектеулерге байланысты, әзірге қоғамдық тамақтандыру орындары, діни нысандар, балабақшалар, фитнес орталықтар, білім үйірмелері жұмыс жасамайды. «Егер эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып жатса, аталған орындарды кезең-кезеңімен ашу мәселесін қарастыратын боламыз», деді қала әкімі М.Әйтенов.
Елімізде төтенше жағдай енгізілгелі, қалада 30 мыңнан астам медицина мамандары мен полиция, әскери қызметкерлері тынымсыз күндіз түні аянбай еңбек етуде. Алайда, мемлекеттік ұйымдардың күшімен ғана вирусты еңсеруге болады. Сондықтан, қоғам болып қоғамдық орындарда маскалық режимді сақтау, қолды жиі жуу, антисептик қолдану, қарапайым санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажет.