Жұмыскерлердің еңбек құқығы басты назарда

Screenshot_3.jpg

 Шымкент қаласы Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов ҚР Еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша қаламызда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

– Еңбек Кодексіне 131 өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтсақ, 67 бап өзгертіліп, 41 талап жаңарды. Осы өзгерістерді халыққа түсіндіру мақсатында Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және Шымкент қаласының кәсіпкерлік палатасымен бірлесе жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты 140 ірі мекемеге, оның ішінде 65 мемлекеттік мекемеге және 75 жеке мекемеге хат жолданды. Қазіргі таңда кәсіпорын басшылықтары түсіндіру жұмыстарына дайын екендіктерін хабарлап, соған сәйкес мекемелердің кестесі жасақталуда. Ал карантин аяқталғаннан соң, басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, – деді Бауыржан Ахметәліұлы.

Айта кетсек, аталған Заң еңбек шарттарын түзу және есепке алу процесін автоматтандырады. Осыған байланысты «еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін» және еңбек саласында жұмыскердің құқықтары мен бостандықтарына шектеу жасау фактілер бойынша жұмыскерлерді жауапкершілікке тарту нормасы енгізілген. Сондай-ақ, бұрын жұмыскерді әскери қызметте борышын өтеуге шақыртулар еңбек шартын тоқтатуға негіз болған болса, қазір жұмыс берушіге азаматтың жұмыс орнын сақтауды міндеттеуді қарастырады.

Оған қоса, еңбек шартында жұмыскермен келісім бойынша хабарлама бермей-ақ, өтемақы төлемін жүргізіп, жұмыс берушіге еңбек шартын тоқтатуға мүмкіндік берген 50-баптың 3-тармағы алынып тасталған. Бұл ретте еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде әлеуметтік әріптестік саласында нақтылау сипатына өзгеріс енгізілген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер