Дендросаябақта 6500 шақырым веложол салынады

Screenshot_4.jpg

Үшінші мегаполистің аты да, іші де жаңарып жатыр. Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта 6500 шақырымды құрайтын веложол мен 1164 шақырым болатын  жүгіру жолақтарының құрылысы басталды. Енді дендросаябақтың ішін велосипедпен аралап, табиғатқа тамсануға болады.

Демалыс орнының аумағын аралап шыққан қала әкімі М.Әйтеновке дендросаябақта жүргізілетін абаттандыру, веложол мен жүгіру жолақтарын орнату және жарықтандыру жобаларын таныстырды.

Қайта жөндеу жұмыстары бойынша баяндаған мекеме басшысы саябақты көгалдандыруға биыл 10 млн-ға жуық қаржы бөлінгенін атап өтті. Бұл қаржыға жасыл желектің қатары толығып, суару жүйесі жаңаланбақ. Сондай-ақ, саябаққа жақын күндері сирек кездесетін гүлдер де отырғызылған. 

Төтенше жағдай кезінде кіре берістегі негізгі қақпа жаңаланып, баспалдақтар қайта салынған. Сонымен қатар, демалыс аймағында әжетханалардың саны да артпақ. Себебі, саябақтың аумағы үлкен болғандықтан ондағы әжетті өтейтін де орындардың көп болғаны дұрыс.

Жаз мезгілінде қала тұрғындарының басым көпшілігі осы саябаққа келетінін айтқан қала әкімі тынығушыларға қолайлы жағдай қарастыруды айтты. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер