Дәрігерлердің жалақысы өсетін болды

Screenshot_5.jpg

Қазіргі таңда короноавирус пандемиясымен күресте алдыңғы шепте еңбек етіп, халықтың денсаулығын бақылауға алып жүргендердің бірі – ақ халатты абзал жандар. Бүгінде Шымкент қаласындағы мемлекеттік медициналық ұйымдарда жалпы 3226 дәрігер мен 8493 орта буынды медицина мамандары күн-түн демей жұмыс істеп жатыр. Бүгінде коронавируспен күресте 26 емдеу мекемесінде жалпы 2 764 медицина қызметкері жұмыс істейді. Дәрігердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болуы керек. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үшін шын мәнінде ауыр сынақ болды. Бұл ахуал елімізде кәсіби дәрігердің тапшы екендігін анық аңғартты. Бұған еңбекақының аздығы, мамандықтың беделді болмауы, дәрігерлер құқығының қорғалмауы себеп болып отыр. Түрлі сала мамандары ішінде ең төмен жалақыны дәігерлер алады, - деді Қазақстан Президенті.

Осы орайда Мемлекет басшысы Үкіметке биылдан бастап дәрігерлердің еңбекақысын кезең-кезеңмен арттыруды тапсырды. «Олардың айлығы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болуы керек. Бұл көрсеткішке 2023 жылға қарай қол жеткізу қажет. Осы күрделі кезеңде баршамыз медицина мамандарының қажырлы еңбегіне куә болдық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер