Көшелерге қоқыс жәшіктері қойыла бастады

Screenshot_17.png

Шымкент көшелеріне қоқыс жәшіктері қойыла бастады.  Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жәшіктер алдымен Қаратау ауданына қарасты Алматы көшесіне қойылды.

Жаңа заманауи үлгідегі қондырғыларды қоқыс тасымалдаумен айналысушы мекеме "Эко Спец Транс" мекемесі тарапынан орнатылды.

Алматы көшесі - қала аумағындағы орталық көшелердің бірі. Осы орайда аталған көше тұрғындарына қоқыс шығар кезінде қолайсыздықтар туындамас үшін және қоршаған ортаның тазалығы басты назарда екенін ескере отырып жүзеге асырылды. Алдағы уақытта өзге де көшелердегі қоқыс жәшіктері жаңартылатын болады. Бүгінде қала аумағында қоқыс тастайтын 488 қоқыс алаңшасы, 2039 қоқыс контейнері бар.

Еске сала кетейік, қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үшін және қоршаған ортаның экологиялық тазалығын арттыру мақсатында осы жылы үшінші мегаполисте 1474 контейнер сатып алынбақ. Жаңа қоқыс контейнерлері басқа контейнерлерге қарағанда ыңғайлы. Арнайы қақпақтары жеңіл қалдықтардың ұшып кетуінен, шашылуынан қорғайды және жағымсыз иісі шықпайды. Қатты тұрмыстық қалдықты игеру, кәдеге жарату және қайта өңдеу бағытындағы жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болатын.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проект новой Конституции формирует основу эволюции государства и общества – Бакыт Нурмуханов
  • «Существенно усилены конституционные принципы правосудия»
  • Суверенитет и территориальная целостность отнесены к неизменным ценностям
  • Конституционная реформа Главы государства – новый этап развития государственного устройства
  • Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер