Медицина мамандарының еңбегі ескерусіз қалмайды

Screenshot_18.png

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ел Президенті ақ халаттылар жайлы жақсы жаңалық айтты. Яғни, Қасым-Жомарт Кемелұлы дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа табыстан 2,5 есе артық болуы керек екенін жеткізді. Одан бөлек, бұл жоспар 2023 жылға дейін іске асуы қажеттігін тілге тиек етті. Бұл дегені – Мемлекет басшысы медицина саласындағы мамандардың қажырлы еңбегі ескерусіз қалғанын қаламайтынын аңғартады.

Осы ретте Қ.Кемелұлы: «2010 жылдан бері денсаулық сақтау саласы мен экстенсивті тиімділіктің кейбір бағыттарын оңтайландыруға баса мән бердік. Нәтижесінде, 1000-ға жуық жұқпалы ауруларға арналған орын қысқарды. Биологиялық қауіп-қатерлерді ескере отырып, Үкімет белгілі бір бағыттар бойынша денсаулық сақтау жүйесіндегі рұқсат етілген артықшылық мәселесін қарастырып, оның қиын-қыстау жағдайларға дайын болуына қолдау көрсетуі қажет”, – деді. Бұл да елімізде денсаулық саласы бұрыннан басты назарда екенін көрсетеді.

Өз кезегінде ел Президенті ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау ісінің тиімді үлгісін жасау шараларының орындалуын, дәрі-дәрмектер және медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесін шешуді де назардан тыс қалдырмады. Аталған өзгерістер – көп түйткілді шешіп, адами капиталдың сапасын арттыратын қадам. Жеке өзім осылай есептеймін және сәттілік тілеймін.

Әлия Молдыбаева,

№13 қалалық емханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер