Шымкентте қаланың Бас санитарының қаулысымен карантиндік шара 8 маусымға дейін ұзартылды. Қала тұрғындары санитарлық талап бойынша көшеде, қоғамдық орындарда, дүкен мен базар, қоғамдық көлікте еркін жүруіне рұқсат етілгенімен, эпидемиологиялық жағдайларды ұмытпауы тиіс.
Шымкент қаласында 2020 жылдың 27 мамырдағы мәлімет бойынша, COVID-19 инфекциясымен 732 жағдай тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 69,4 құрап отыр. Сондықтан әрбір қалалық үшін қарапайым санитарлық талаптарды сақтау маңызды.
Қазіргі таңда, қала аумағында залалсыздандыру жұмыстары тоқтаған жоқ. Абай, Еңбекші, Әл-Фараби, Қаратау аудандарында дезинфекция жұмыстары күнделікті бекітілген кесте бойынша жалғасып жатыр. Бұл іс-шаралар инфекцияның алдын алу, таралуына жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңдары және 400 ойын алаңдары бар.
Қазіргі таңға көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және кіреберістеріне және басты көшелер мен ішкі орамдық көшелер залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар тарапынан жүргізілуде.
Дезинфекциялау жұмысына жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және шашу құралдарымен қамтамасыз етілген.
Шаһардағы карантин режимі кезінде залалсыздандыру жұмысы кестеге сәйкес, күнделікті жүргізілуде.