Шымкент көш басында

Screenshot_1.png

Шымкентте «Қаланы басқару» саласы бойынша «109» мониторинг және жедел ден қою қызметі» ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін қолданысқа енгізілетін болады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиевтің қатысуымен өткен селекторлық жиында белгілі болды. 

Айта кету керек, министр Шымкентте цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға беріп, үшінші мегаполис білім саласын цифрландыруға көш бастап тұрғанын айтты. 

Мәселен, Шымкент қаласы білім беру саласын цифрландыруда көш бастап тұр. Бұл салада балабақшалар, мектептер және басқа да білім беру мекемелеріне құжат қабылдау, жолдама беру бойынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған. 

Бұдан бөлек, жер қатынастары саласын цифрландыру мақсатында өткен жылы halyksaulet порталы іске қосылды. Halyksaulet арқылы мекенжайға нөмір беру, оны нақтылау және жою қызметтері автоматтандырылған жүйе арқылы бір жұмыс күнінің ішінде ұсынылып жатыр. Бүгінде шаһарда бас жоспардың инвестициялық картасы (shymkent.genplan.kz) әзірленген. Ендігі кезекте Шымкент қаласының геопорталы дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық комиссия: жаңа Ата заңды әзірлеудің негізгі алаңы
  • Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: Әзірлеу үдерісінің ашықтығы мен институционалдық негіз
  • ҚР Ата заңы жобасы: Құндылықтарға негізделген жаңа конституциялық модель
  • ҚР Ата заңы жобасындағы негізгі құндылық - тұрақтылық
  • Қазақстан республикасының жаңа конституциясы: Ата заң жобасының негізгі жаңалықтары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер