2000 жасты жұмыспен қамту жоспарлануда

Screenshot_8.png

Шымкентте биыл "Жастар практикасы" бағдарламасы аясында 2000 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Бағдарламаға қатысамын деушілерден өтініштер карантин кезінде онлайн қабылданған еді. Енді 25 мамырдан бастап барлық санитарлық және эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, азаматтарды қабылдауды бастады. Қазір "Жұмыспен қамту" орталығына өткізуге болады.

Бағдарламаға қатысу үшін, 30 жасқа толмаған, жоғары білімді болуы керек. Сонымен қатар, тәжірибеден өту барысында іскерлігін дәлелдесе, жұмысын тұрақты түрде жалғастыруына мүмкіндік бар.

Мамандардың айтуынша, қаламызда медицина қызметкерлері мен тәрбиеші, заңгер,құрылыс сынды маман иелеріне сұраныс басым.

Айта кетейік, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында әлеуметтік көмек мәселелері бойынша CAII-орталық іске қосылды. Енді кез-келген қала тұрғыны "13 00" немесе 8(7252) 77-11-03 нөмірлеріне хабарласып, өзіне қажетті мәліметтер мен пайдалы ақпараттар ала алады.

Атап айтсақ, қазіргі таңда өзекті әрі белсенді сұрақтар: атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, мүгедектер мен ардагерлер, басқа да жеке санаттағы азаматтарға арналған әлеуметтік қызметтер мен көмектер туралы толық мағлұмат ала алады. Сондай-ақ мамандардың кеңестері беріледі. CALL- орталық дүйсенбі-жұма күндері : сағат 9.00-19.00-ге дейін жұмыс істейді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер