Төл тарихымызды зерделеудегі жаңа бетбұрыс

Screenshot_9.png

1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленген еді. Бұл – қасіретті кезеңде зобалаң көрген халқымыздың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне деген құрмет. Содан бері аталған үрдіс жалғасып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Үндеуі сөзімізге дәлел.

Президент Үндеу кезінде нәубет құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастағанын алға тартты. Соның бірі Қ.Тоқаевтың: «Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырдым» дегені бәрімізді де қуантты. Яғни, еліміздің тарих беттерінде жаңа парақтар ашылады деген сөз.

- Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырдым. Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алады. Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету – баршамыздың перзенттік борышымыз, - деді Президент.

Бұл бетбұрыс Тәуелсіз Қазақстанның діңгегін қатайта түсетіні анық. Ал өз кезегінде бүгінгі ұрпақ өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету перзенттік парыз екенін ұмытпауымыз керек!

Исамудин РЫСБАЙ,

Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Устойчивый рост промышленности как основа экономической модернизации
  • Өнеркәсіптің тұрақты өсуі – экономикалық жаңғыртудың негізі
  • В Шымкенте торжественно открылся новый учебный корпус военного колледжа имени Сабыра Рахимова
  • Шымкентте C.Рахымов атындағы әскери колледждің жаңа оқу корпусы ашылды
  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер