Халықтық бақылау – түбіртекті талап ет!

Screenshot_6.jpg

Шымкент қаласының тұрғындары назарына! Қандай да бір сауда орындарынан зат сатып алсаңыз, міндетті түрде түбіртекті талап етіңіз.  Мемлекеттік кірістер комитеті жыл сайын «чекті талап ет те, жүлде ұтып ал» атты республикалық акция өткізеді. Бұл акция биыл да жалғасуда.

Аталған акцияға «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы онлайн-БКМ фискальды чекті жөнелтіп, жүлдеге 200 теңгеден 5000 теңгеге дейін ұтыс шыққан тұлғаның телефонына бірлік ретінде алу мүмкіндігі бар. Акция 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін өткізіледі.

БКМ чектерін бермеу жолымен тиесілі салықты төлемейтін, кірістерін жасыратын азаматтарға қатысты нөлдік төзімділікке азаматтық қоғамды тарту мақсатында чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Халықтық бақылау – Түбіртекті талап ет!» акциясы жүргізіледі.

Осы ретте Шымкент қаласы тұрғындарына ескерте кетсек, тауарларды сатып алу немесе қызметтерді алу кезінде бақылау-касса машиналарының чектерін бермеу түрінде бұзушылықтарға нөлдік төзбеушілік көрсету қажет. Өткізіліп жатқан акцияға белсенді қатысыңыздар, бұл өз кезегінде көлеңкелі экономиканың қысқаруына жəне мемлекетіміздің əл-ауқатының артуына септігін тигізеді. Әрі сатушы мен сатып алушының арасындағы қарым-қатынастың заңды түрде болуын қадағалап отырады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер