7561 пәтер пайдалануға беріледі

Screenshot_1.jpg

Осыдан екі жыл бұрын үшінші мегаполис статусына ие болған Шымкент қаласында жыл сайын тұрғындар саны артып келеді. Бұл әрине қуантарлық жағдай. Демографиялық өсім байқалған өңірде  баспанға мұқтаждардың да саны артатыны белгілі. Осы орайда пәтер жалдап күнелтіп жүрген жандар үшін жағымды жаңалықты қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысу кезінде жеткізді.  

Шаһар басшысының айтуынша үшінші мегаполисте биылғы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында және «7-20-25» бағдарламасымен, барлық қаржы көздері есебінен 13 636 пәтерлі 252 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Олардың жалпы ауданы бір миллион шаршы метрді құрайды.

Оның ішінде, 78 тұрғын үй бюджет, 48 үй «Shymkent» ӘКК» АҚ және 126 үй жеке салушылар есебінен жүргізіліп отыр. Ал ағымдағы жылы 136 көпқабатты тұрғын үй немесе 7561 пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде. Мамандар тұрғын үйлердің сапасы жоғары. Құрылыс барысында отандық өнімдердің қолданылғанын айтуда.


 


 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер