Қоныстой көп болмақ

Screenshot_2.jpg

Баспана бүгінде өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе тұрғыны миллионнан асатын  мегаполистер үшін тұрғын үйлердің тапшылығы сезіледі. Алайда өркендеп келе жатқан еліміздің ең жас мегаполисі Шымкентте тұрғын үйге мұқтаждық жоқ. Себебі қалада карантинге қарамастан тұрғын үйлердің құрылысы тоқтаусыз жүруде. 

Кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Ең алдымен қала басшысы «7-20-25» бағдарламасы аясында «Shymkent» ӘКК» АҚ қаржыландыруымен салынып жатқан «Асар-2 » шағын ауданындағы 10 тұрғын үйді және «Тұран» шағын ауданындағы екі көп қабатты тұрғын үй құрылысын аралап көрді.

Мұрат Дүйсенбекұлы сонымен қатар, «Шымкент Сити» мен «Тұран» шағын аудандарында мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан үйлердің құрылысын аралап шықты.

Шаһар басшысы құрылыс жұмыстарының қандай сапада жүргізіліп жатқанын бақылап, мердігерлерге жұмысты жандандыруды және құрылыста отандық материалдарды пайдалануды міндеттеді. Сондай-ақ, жауапты сала басшыларына инфрақұрылым мәселесін кешеуілдетпей тез шешуді тапсырды.

 Мамандардың айтуынша ағымдағы жылы 136 көпқабатты тұрғын үй немесе 7561 пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде. Демек биыл шымқалада қоныстой көп болмақ. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • In 2026, the international Digital Almaty platform will transform into Digital Qazaqstan
  • Digital Qazaqstan форумы өтетін алғашқы қала
  • В 2026 году международная площадка Digital Almaty трансформируется в Digital Qazaqstan
  • Шымкентте конституциялық реформа жобасы түсіндірілді
  • Шымкентте кәсіпкерлерге жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері таныстырылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер