Бұғаттау-бекеттері алынды

Screenshot_3.jpg

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес 1-ші маусымнан бастап Шымкент қаласының кіреберісіне қойылған бұғаттау-бекеттері алынды. Қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А.Тулебаевтың 30 мамырдағы № 19 Қаулысына сәйкес аудан, облысаралық жолаушылар қатынасына жол ашылды. Енді қала және көршілес облыс тұрғындары Шымқалаға еш кедергісіз, емін-еркін кіре алады. 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Бадам» бұғаттау бекетіне арнайы барып, қаладағы 18 бұғаттау бекетінде тәулік бойы жұмыс жасаған Полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал майоры Ералы Жумаханбетов басқаратын жеке құрамның еліміздегі коронавирус инцекциясымен күресуде қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Шымкент қаласындағы 18 бұғаттау бекетінде 1000-нан аса Полиция департаментінің қызметкері уақытпен санаспай, тәулік бойы өз міндеттерін атқарды. Сондай-ақ медицина мамандары да өз бастарын тәуекелге тігіп, індеттің таралып кетпеуі үшін қызмет етті.  

    Қала басшысы бұғаттау-бекеттері алынғанымен қауіптің әлі сейілмегенін, тұрғындарға қала ішінде сақтық шараларын сақтау керектігін ескертті. Себебі карантин 8 маусымға дейін жалғасады.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық комиссия: жаңа Ата заңды әзірлеудің негізгі алаңы
  • Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: Әзірлеу үдерісінің ашықтығы мен институционалдық негіз
  • ҚР Ата заңы жобасы: Құндылықтарға негізделген жаңа конституциялық модель
  • ҚР Ата заңы жобасындағы негізгі құндылық - тұрақтылық
  • Қазақстан республикасының жаңа конституциясы: Ата заң жобасының негізгі жаңалықтары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер