24 мыңға жуық бала бақшаға барды

Screenshot_4.jpg

1 маусым күні  Шымкентте 24 мыңға жуық бала бақшаға барды. Бұл мектепке дейінгі білім беру нысандарына баратын бүлдіршіндердің 35 пайызын құрап отыр. Бұл туралы  білім басқармасының өкілдері мәлім етті. Балабақшаларда санитарлық жағдай сақталуда.  

Шымкенттік көп балалы ана Гүлжан Аршабаеваның екі бірдей бүлдіршіні бала-бақшаға барады. Екі ай бойы балаларын біресе ауылдағы туған-туысқа, біресе қалаға тасыған ол бақшаның ашылғанына қуанышты. 

Бала-бақшалар бүгіннен бастап іске кіріскенмен, қалыпты жағдайдағы жұмыс форматына әлі көше қойған жоқ. Бас санитар бекіткен ережеге сай әр топта 20 баладан аспауы тиіс. Медбикелер балалардың дене қызуын тексеріп отырады.

Медициналық маска кию кішкентайларға міндеттелмесе де балабақша қызметкерлері бұл талапты сақтауы тиіс екен. Балабақша тәрбиеленушілері күніне екі рет таза ауада тыныстап, түрлі ойындармен бой сергітеді.

Айта кетейік, Шымкентте 529 бала-бақша бар. Оның 79-ы мемлекеттік. Бүгін мектепке дейінгі ұйымның 500-і жұмысқа кірісті. Алғашқы күні 24 мыңға жуық бала бақшаға барды. Бұл мектепке дейінгі білім беру нысандарына баратын бүлдіршіндердің 35 пайызын құрап отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер