Көшелер мен ішкі орамдық көшелерге дезинфекция жұмыстары жүргізілуде


Screenshot_10.jpg

Бүгінде коронавирус пандемиясының әсерінен Қазақстандағы барша қала, аудан, ауылдарда қызмет көрсету орындары шектеулі уақыттарға дейін жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, тұрғындарға да талаптар күшейіп себепсізден-себепсіз көшеде жүруге тыйымдар салынуда. Ал әкімшілік тарапынан сақтық шараларын, санитарлық талаптардың қаншалықты деңгейде сақталғандығын бақылау үшін мониторинг топтары құрылған. Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаң және 400 ойын алаңшасы бар. Жауапты мамандар аудан аумағында залалсыздандыру жұмыстарын жалғастыруда. 

Дезинфекциялау - бүгінгі актуалды орын алып жатқан сақтық шарасы болғандықтан арнайы мамандар кестеге сәйкес барынша белсенді жұмыс істеп жатыр. 

– Қазіргі таңға көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және кіреберістеріне және басты көшелер мен ішкі орамдық көшелерге дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті өз жалғасын табатын болады, – дейді аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысанлар мен халыққа қызмет етіп жатқан түрлі ғимараттар да жіті бақылауда. Егер де санитарлық талаптар сақталмаған жағдайда тиісті шаралар қолданатынын ескертеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проект новой Конституции формирует основу эволюции государства и общества – Бакыт Нурмуханов
  • «Существенно усилены конституционные принципы правосудия»
  • Суверенитет и территориальная целостность отнесены к неизменным ценностям
  • Конституционная реформа Главы государства – новый этап развития государственного устройства
  • Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер