«Бастау бизнес» онлайн форматта оқытуды бастады


Screenshot_11.jpg

Қазіргі таңда елімізде білім аламын деушілерге керемет мүмкіндіктер жасалған. Өздеріңізге белгілі, Шымкент қаласында "Бастау Бизнес" жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту басталды. Негізінен оқу барысы 21 күнге созылады. Осы аралықта жобаға қатысушылар өздерінің біліктіліктерін  көрсетіп, ұсынатын идеяларын онлайн көрсете алады. 

Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Олжас Жансейітов мәлімдеді.

– Оқуға тіркеу және оқыту 10 маусымда басталды. Карантиндік шектеулерге байланысты биыл "Бизнес Бастау" жобасына тіркелу де, оқыту да онлайн форматта "Atameken Academy" платформасы арқылы өтеді. Оқыту маусым мен қыркүйек айлары аралығында 5 кезең бойынша жүргізіледі, - деді Олжас Ерланұлы.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Жанат Өтебаеваның айтуынша, оқуға тіркелу үшін алдымен жұмыспен қамту орталығынан жолдама алуы тиіс. Кейін сол жолдаманы жеке куәлікпен бірге https://atameken.co/kk/course-bastau сілтемесіне жүктеу қажет.

– Оқуға 18 бен зейнет жасы аралығындағы жұмыссыздар, еңбекке қабілетті мүгедектер, аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасы мүшелері мен оралмандар қатыса алады. Оқу мерзімі 21 күннен аспайды, - деді Жанат Өмірсейітқызы.

Айта кетейік, "Бастау Бизнес" жобасы аясында оқыған азаматтар мемлекет тарапынан берілетін 200 АЕК көлеміндегі грантқа үміткер бола алады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер