6041 оқушыға демалыс лагерлеріне жолдама беріледі

Screenshot_17.jpg

Жаз мезгілі ұстаздар үшін даму уақыты болса, оқушылар үшін демалыс маусымы. Биыл білім басқармасы балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мәселесін қолға алып, оқущылардың сауықтыру жағын, оларды жұмыспен қамтылуы аясындағы жұмыстардың жүргізіліп жатыр. Жанат Арысбекқызының айтуынша, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 21)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы №255 Қаулысынының 1-тармақшасында көрсетілген санаттағы балаларға жазғы демалыс лагерлеріне жолдамалар алып беру көзделген. 

Шымкент қаласында 2020 жылы жалпыға міндетті білім беру қорынан қала сыртындағы жазғы демалыс лагерлеріне 6041 балаға жолдама алып беру жоспарланған. Ол үшін ЖБ 184 млн. 849 мың теңге қаралған. Қазіргі таңда, жазғы сауықтыру лагерлеріне жолдама сатып алу конкурсы жарияланып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, 1200 бала «Ақсу» лагеріне жіберу жоспарланып, жазғы демалыс аймағын дайындау жұмыстары жүргізілуде. ҚРБжҒМ тарапынан ұсынылған жазғы демалыс кезінде балалардың жұмыспен қамту және даму картасына сәйкес іс-шаралар күндізгі және онлайн форматта өткізу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр екен.

Жаз – балалардың шығармашылық қабілетін, ой-санасын дамытып, денсаулығын нығайтатын кезең. Сондықтан, жадырап жаз шығысымен әрбір ата-ананы баласының қайда және қалай демалатыны толғандырады. Ауыл баласы — қалаға, қала баласы – ауылға ағылса, оқудан босаған оқушылардың кейбірі демалыс лагерьлеріне баруға таңдау жасайды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер