Шымкент қаласындағы жұқпалы ауруханалар базасында ПЦР диагностикасына арналған қосымша аппарат орнатылды. Бұл үшін жергілікті төтенше жағдайға арналған бюджет есебінен 74 млн теңге бөлінген.
Ауруханаға түскен науқастардан коронавирус инфекциясы бойынша жаңа қондырғы арқылы зертханалық сынама алынып, ПЦР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланады.
ПЦР зертханасында тәулігіне үш дәрігер-зертханашы, екі зертханашы жұмыс істейді. Медицина мамандары күнделікті шамамен 150-200 талдау жасайды.
Айта кетейік, Шымкент қаласында Covid-19 жұқтырған азаматтарды уақытылы анықтау мақсатында, лабораториялық тестен өткізу шаралары күшейтілді. Қаладағы Ұлттық зерттеу орталығының филиалынан бөлек, қалада қосымша 3 лабораториялық зерттеу орындары ашылды: Диагностикалық орталықта, жұқпалы аурулар ауруханасы базасында және ЖИТС орталығында. Нәтижесінде, күніне тестілеу қуаттылығы 300-ден 500-ге жеткізілді.
Сондай-ақ жақында республикадағы үшінші жұқпалы аурулар орталығының құрылысы аяқалып, пайдалануға берліген болатын. Коронавирус және өзге де жұқпалы дерттерді емдеу мекемесінің жұмысымен ҚР Денсаулық сақтау минситрі Елжан Біртанов танысып, жоғары баға берді.