Шымкенттің сырасы шетелге шығады

Screenshot_4.jpg

Шымкенттің салқын сырасы кезінде республикаға ғана емес алыс-жақын шетелге де танымал болған. Қаланың атын дүркіреткен сыра зауыты қазіргі таңда қайта жанданып, өнім өндіруді бастады. 

    Кеше Шымкенттегі кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов «Шымкент сыра» зауытына барып, ондағы қайнаған жұмысқа куә болды.

Сыра зауытының аумағы 9 гектар. Жылына 2 миллион гига литрге жуық өнім шығарады. Бүгінгі таңда өндіріс қуаттылығы жоғары, сапалы өнім беретін отандық ірі кәсіпорын ретінде көш бастап тұр.

«Шымкент сыра өндіру зауыты» ЖШС-ның атқарушы директоры Наталья Антонова қала әкіміне өндірістің ішкі жұмыстарын таныстырып қана қоймай, болашақтағы жоспарларын да баяндады.

Сыра зауыты бүгінде 500 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жақын күндері квас секілді алкогольсіз өнім шығаруды жоспарлауда. Отандық өнім ішкі нарықты ғана емес, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытайға да жөнелтіледі.

Зауытты аралау кезінде қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы кәсіпкерлікті дамыту бағытында мемлекеттік бағдарламалар аясында инвестиция тарту жолдарын қарастыру жөнінде тиісті басқарма басшысына тапсырма берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер