Мүгедек балалардың жағдайымен танысты

Screenshot_12.jpg

Стационарлық типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету басты назарда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Айжани Нұрланова осылай дейді. Ол, Шымкент қаласы әкімдігінің № 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болды. Уақытша тұрушылардың өмір сүру жағдайларымен танысып, оларды оңалту бойынша ұсыныстар берді.

Бұл мекеме 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Орталық 300 төсек-орынға есептелген. Қазіргі уақытта стационарда 150 бала, жартылай стационар жағдайында – 103 бала оңалтудан өтуде. Айжани Нұрланова мекемедегі жағдаймен, тұрмыстық жағдайлармен және уақытша тұрушылардың оңалту бағдарламаларымен танысты. Мекеме басшылығымен әңгіме барысында жүргізілген жөндеу жұмыстарының барысын бақылау және балаларды қосымша заманауи оңалту құралдарымен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Айжани Нұрланова қызметкерлер арасында психологиялық оқу курстарын өткізу, оларды жылына екі рет санаториялық-курорттық емделуге жіберу бойынша ұсыныстар берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер