Желідегі өтініш жерде қалмайды

Screenshot_13.jpg

Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, тұрғындармен кері байланыс орнатуда әлеуметтік желілер зор күшке ие. Мәселен, жыл басынан бері электронды БАҚ және әлеуметтік желілерде Шымкент қаласының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты әртүрлі форматта 901 сыни материал жарияланған. Жарияланымдардың басым бөлігі әлеуметтік салаларға қатысты.

2020 жылдың 1 қаңтары мен 3 маусымы аралығында электронды БАҚ пен әлеуметтік желілерге жасалған талдау осылай.

Бүгінде халықпен кері байланыс орнатуға мән берілуде. Тұрғындар әлеуметтік желідегі қала әкімдігінің парақшаларына шағымын айтып, мәселелерін жеткізіп келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында барлық азаматтардың өтініштері бойынша жедел және тиімді әрекет ету керегін атап өткен еді.

Жалпы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.

Шымкент қалалық ақпараттық-коммуникация орталықғы бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарып келеді. Орталық мамандарының айтуынша, аталған сыни жарияланымдардың ең көбі энергетика және коммуналды шаруашылық (88) және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына (98) тиесілі екен. Денсаулық сақтау (49), кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму (52), білім (29), ауыл шаруашылығы және ветеринария (18), құрылыс (29), мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармаларына (10) бағытталған бірқатар сын-пікірлер, өтініш-тілектер жазылған. Жалпы саны – 445.

Ал аудандар жөнінде айтсақ. Әл-Фараби ауданына – 118, Абай ауданына – 114, Қаратау ауданына –114, Еңбекші ауданына 110 сыни пікір жарияланған.

Ақпараттық-коммуникация орталығы мамандары күнделікті мониторинг жүргізіп отырады. Әлеуметтік желілерге мониторинг бөлімінің басшысы Айнұр Сүйеубекованың айтуынша, талап-өтініштер лезде тиісті басқармаға немесе аудан әкімдігіне жолданады


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер