Абай ауданында 426 дүкен, 152 қоғамдық тамақтану және 13 ірі сауда орны бар. Алдағы уақытта бұл 13 сауда орынның сатушылары төлем картаға өтеді. Бұл нысандардағы карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған монитоингтік топ Шымкентте тексеру жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда.
Арнайы жасақталған мобильді топ мүшелері бүгін індеттен сақтану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кезекті мониторингтік тексеріс Абай ауданына қарасты А.Асқаров көшесі бойындағы кәсіпкерлік нысандарда жалғасты. Оған аудан әкімдігінің қызметкерлері және аудандық полиция кызметі, сондай-ақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдері БАҚ өкілдерімен бірлесіп тексеріс жұмыстарын жүргізді. Бұндағы мақсат нысандардың қаншалықты зиянсыз, санитарлық талаптардың сақтағанына көз жеткізу.
Тексеріс барысында Абай ауданындағы 29 нысанға ескерту беріліп, 7 айыппұл хаттамасы толтырылды, 1 компьютерлік клуб жабылды.
Қазіргі таңда аталған ауданда арнайы төрт мобильдік топ жұмыс істеуде. Сондай-ақ, аудан аумағында дезинфекциялық шаралар жүргізілуде. Барша тұрғын үй маңайы мен балалар алаңшалары да назардан тыс қалып жатқан жоқ.
Айта өту керек, егер санитарлық нормаларды сақталынбай, карантин заңдылықтары бұзылса, 30 АЕК айыппұл салынады. Одан бөлек, хаттама сот ісіне де өтеді.
Еске сала кетсек, тексеру жұмыстары аудан аумағында күн сайын жүргізілетін болады.