Тәртіп пен талап баршаға ортақ

Елімізде заң бастыққа да, тұрғынға да ортақ. Шымкент қаласында санитарлық талаптардың қаншалықты деңгейде сақталып жатқандығына көз жеткізу мақсатында полиция қызметкерлері, эпидемиологтар, әкімдік қызметкерлері БАҚ өкілдерімен бірге қызметі рұқсат етілген нысандарда санитарлық нормалардың сақталуын күнделікті тексеріп, рейдтер жүргізуде. Санитарлық талапты сақтағанда тексеріп келгендерді қуантса, тәртіпке бағынбағандар өз жазаларын алуға міндетті. 

Қазіргі таңда індеттің дендеп кетуіне байланысты қаладағы 4 аудан әкімдігі қызу жұмыстар жүргізуде. Қаратау ауданы бойынша аудан әкімі аппараты, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасы және жергілікті полиция қызметкерлерінен құрылған топ Сайрам тұрғын алабындағы сауда орындарында карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын тексерді.

Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде орталық көшеде орналасқан 2 базарға және 15 нысанға ескерту шаралары жасалынып, оның ішінде үш хаттама толтырылды. Сондай-ақ, бір ретсіз саудамен айналысқан кәскепкерге шара қолданылып, ол сауда нүктесінің жұмысы тоқтатылды.

Бұл ретте, кәсіп нысандары санитарлық режимді сақтап, келушілерге үнемі бетперде мен қолғап, антисептикпен қамтамасыз етуде олқылық жібермеу қажет. Санитарлық талапты сақтамағандар ескертуге бағынбаса, басшылық олардың жұмысын тоқсатуға мәжбүр.

Еске сала кетсек, карантин талаптары мен ережелерін елемеген сауда орындары анықталатын болса, әкімшілік жауапқа тартылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер