Шымкент қаласында карантин режимінің қатаңдатылып тексерілуіне байланысты залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді. Қазіргі таңда елімізде пандемияға қарсы жасалып жатқан шаралардың бірі – залалсыздандыру. Қала аумағына енетін 4 аудан күн сайын қызметкерлерімен тексеріс жұмыстарына шығады. Арнайы мамандар күн сайын дезинфекциялау жұмыстарын кестеге сәйкес жүргізеді.
Еңбекші ауданы әкімдігі тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында дезинфекциялау жұмысын тұрақты түрде жүргізуде. Ауданда орналасқан тұрғындар көп шоғырланатын 780-ге жуық коммерциялық нысандардың іргелес аумақтары және ірі сауда орындары: Фиркан, Магнум, Грамад, Эврика мен базар аумақтарын дезинфекциялау жұмыстары да кестеге сай орындалды. Залалсыздандыру жұмысына №35748 әскери бөлімнің 120 сарбазы мен 12 арнайы техника жұмылдырылған. Олар аудан аумағындағы 515 көше, 435 аула және 465 жертөле мен 2250 кіреберістерді залалсыздандырды.
Ал, Қаратау ауданы аумағындағы ішкі орам көшелері мен көпқабатты үйлердің кіреберістері және аулалары, кестеге сәйкес аудан аумағында 419 көпқабатты үй және 1000-ға жуық көше барлығы күнделікті қарқынды түрде коронавирусқа қарсы дәріленуде. Барлық дезинфекциялау жұмыстары тиісті дәрі-дәрмектермен атқарылуда.Залалсыздандыру жұмыстары өзге де аудандарда күшейтілді.
Абай ауданы мен Әл-Фараби ауданында да күнделікті дезинфекциялау жұмыстары жүріп, тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында тыным таппай жүмыс істеуде.
Абай ауданы аумағында дезинфекция жұмыстары үзіліссіз жалғасуда. Атап айтқанда "ЛТД Тұрмыс" мекемесінің 2 техникасы 4 қызметкерімен, елді мекендердегі ішкі орамдық көшелерді дезинфекциялауда.
Сонымен қатар, әскери бөлімнің 2 техникасы және 25 сарбазы 26 үйдің ауласын індетке қарсы дәрілеуде.
Одан бөлек аудан аумағында орналасқан екінші деңгейлі банктерде өз есептерінен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.