12 кәсіпкерлік нысан жылу түсіргіш құралмен жабдықталған

Screenshot_10.jpg

Бүгінде Шымкент қаласы Бас санитары А.Тулебаевтың №20 Қаулысына сәйкес 4 ірі сауда орталықтары («Shymkent Plaza» СҮ, ЦУМ СҮ, «Mega Planet» СҮ, «Береке» СҮ) уақыт шектеу енгізу арқылы өз жұмыстарын қайта жандандырған. Одан бөлек, 16 сауда орталықтары мен 575 шағын кәсіпкерлік нысандар жұмыс істеп тұр.

Ал жылу түсіргіш (тепловизор) құралдарымен 12 кәсіпкерлік нысан жабдықталған. Аудан әкімі аппаратының мамандарымен санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар атқару мақсатында кәсіпкерлік нысандарға жылу түсіргіш құралдарын жабдықтау қажеттігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының Әл-Фараби ауданы бойынша басшысы Талғат Серманиязов арнайы жиналыс өткізді

Осы ретте Әл-Фараби ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Талғат Құттыбайұлы 11 мамырға дейін 25 кәсіпкерлік нысандарға санитарлық режимді бұзғаны үшін хаттама толтырылғанын айтып, одан кейін тек түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілгенін жеткізді.

– Бүгінге дейін санитарлық нормаларды бұзып жатқан кәсіпкерлік нысандарға ескерту айтумен шектелдік. Ендігі кезекте хаттама толтырып, жаза қолданамыз. Қажет болса, жабуға көшеміз, – деді Т.Серманиязов.

Қазіргі таңда қаладағы 4 аудан бойынша санитарлық талаптарды бақылау қарқынды жұмыс істеуде. Тіпті тұрғындар мен нысандарға ескертулер беріліп, тәртіпке бағынбаған кәсіпкерлерге айыппұл да салынып жатыр. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер