Тілсіз жаудан сақтан!

Screenshot_11.jpg

Өрт – тілсіз жау. Оны алдын-ала болжап білу мүмкін емес. Күнделікті өмірде өрттен жарақат алған не қаза болғандарды естіп, алаңдайтынымыз рас. Жаз — өрт қаупінің күшейетін кезі. Өрт осы маусымда, әсіресе, ормандар мен дала алқаптарында жиі байқалады. Мұның себебі негізінен азаматтарымыздың жаз айларында бұл қауіпті елемей, немқұрайлы қарауынан болып жүр.

Өрт қауіпті кезең басталған сәттен бастап, қала аумағында құрғақ шөптің жану фактілері жиілей түседі. Әдетте, адамдардың абайсыз және немқұрайлы әрекеттерінің салдары құрғақ шөптің жануына себеп болып жатады.

Өткен демалыс күндері осындай өрт оқиғалары көптеп тіркелді. 8 жағдай орын алып, жанған құрғақ шөптердің жалпы аумағы 1,5 гектарды құрады.

Осыған байланысты, Шымкент қаласының ТЖ департаменті қарапайым ережелерді сақтау қажеттігін ескертеді. Атап айтқанда, тұтанған сіріңкелерді, темекі тұқылын құрғақ шөпке лақтырмау қажет. Үй айналасын мүмкіндігінше шөптен тазалап отыру керек. Қоқыстарды барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып ғана жағуға кеңес береді.

Сонымен қатар, демалыс орындарында от жағылған кезде, кетер сәтте су немесе құм сеуіп өшіріп кеткен жөн. Үй шаруасында бөшкеге немесе басқа да ыдыстарға су қорын жинақтап, өрт сөндірушілер келгенге дейін алғашқы өрт сөндіру іс-әрекеттерін жүргізуге мүмкіндік жасаған жөн.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Александр Стуббпен келіссөз жүргізді
  • Елордалық оқушылар теміржол қауіпсіздігін арттыратын жоба ұсынды
  • Шымкентте екінші республикалық «Respublica Asyq Atu» турнирі өтті
  • В Шымкенте состоялся второй республиканский турнир «Respublica Asyq Atu»
  • Шымкентте Республика күніне орай мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер